Ел болашағы үшін маңызы зор
Жалпыұлттық референдум өткізу Жаңа Қазақстан құру жолындағы алғашқы нақты әрі батыл қадам.
Өйткені, елімізде атом электр стансасын салуға қатысты халық талқысына шығарылып, барша қазақстандықтардың ой-пікірін ескере отырып, қабылданғалы отыр. Біз болашақ даму жолымызды бүкіл ел болып бірлесе шешкелі отырмыз.
Бұл қадам – ел ертеңі үшін әрбір азаматтың ой-пірінің қаншалықты маңызды екенін жаңа мемлекет құруда өзінің де үлес салмағы барын сезінуге мүмкіндік береді. Қазақстанның болашағын азаматтардың өзі таңдайтын жалпыұлттық референдумға халықтың жоғары деңгейде қатысатынына сенім мол.
Сондықтан ортақ ұмтылысымыздың нәтижелі болатынына еш күмәнім жоқ.
Зейнеп ДӘУРЕНОВА,
«AMANAT» партиясының Жуалы аудандық филиалының консультанты