«Әділдік және өркендеу» қоры жұмысшы мамандық иелері арасында байқау жариялады
Байқау қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орайластырылған.
Жұмысшы мамандық иелері өз кәсібі жайлы бір минуттық ролик түсіріп, #adildikbaiqau және #adildikorkendeu хэштегімен инстаграмда жариялай алады.
Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар әзір. Бірінші орын – робот шаңсорғыш, екінші орын – Apple Watch смарт сағаты, үшінші орын – Яндекс колонкасы. Байқау қорытындысы 10 қазанда жарияланады.
Қор байқауды жыл сайын өткізеді.
«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының өңірлерде 20 өкілдігі мен 3700-ден астам жақтасы бар. 7 өңірде қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Қордың жобалары – өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігінің, жол сапасы мен мектеп мәзірінің мониторингі.
Қордың манифестімен мына сілтемебойынша танысуға болады.