Жаңалықтар

АЭС салу – маңызды қадам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында елімізде атом электр стансасын салу бойынша 2024 жылғы 6 қазан күні жалпыұлттық референдум өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Бұл Мемлекет басшысы айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасының  жүзеге асуының бірден-бір дәлелі. Осы мақсатта ауданымыздағы АЭС салуды қолдау жөніндегі  халықтық штаб мүшелері, атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум жалпыхалықтық деңгейде өткізілетінін  және осыған байланысты халық арасында аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде  және оны көрші елдерден  импорттауға  мәжбүр екенін бәрі білуге тиіс. АЭС салу туралы шешімді қабылдай отырып, біз осы асқақ арманымызға  қарай қадам жасаймыз. Біз елдің энергетикалық тұрғыдан тәуелсіздігін  шегелеп бекітеміз.  Болашақ ұрпаққа энергетикалық  тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра етіп қалатыны анық.

АЭС салуға өз басым қарсы емеспін. Ол жайлы қоғамда әр түрлі  пікірлер бар.  Болашақта электр қуаты  қымбатқа түседі деп жатыр. Сондықтанда Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданатын  уақыт келді деп ойлаймын. Ол салынса, халыққа жұмыс табылады.  АЭС салу энергетика саласында үлкен серпіліс тудырып, нарық пен халық үшін тиімділік орнайды. Барлық талаптар сақталса, атом электр стансасын салу еліміз үшін маңызды қадам болары сөзсіз.

Бақтияр АҚБАЕВ,
аудандық мәслихаттың хатшысы, 

аудандық халықтық штабтың мүшесі.