Қазақстанда атом электр станцияларын салу-еліміздің дамуы үшін маңызды қадам
Кәдірбек Данияр Шауанұлы- «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Ақбұлақ ауылдық округі жастар ісі бойынша инспекторы еліміздегі АЭС құрылысына қатысты пікірін әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөлісті, деп хабарлайды arainfo.kz
«Қазақстанда атом электр станцияларын салу-еліміздің дамуы үшін маңызды қадам деп есептеймін. Біріншіден, бұл бүкіл халық пен өнеркәсіп үшін тұрақты энергиямен қамтамасыз ету мүмкіндігі. Экономиканың өсуімен және электр энергиясын тұтынудың артуымен атом энергетикасы ауа-райына және көмірсутектердің қол жетімділігіне тәуелді емес сенімді энергия көзіне айналатыны сөзсіз. АЭС парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және қоршаған ортаға әсерін азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, атом электр станциясының құрылысы — бұл жаңа жұмыс орындары, ғылым мен технологияны дамыту, инвестиция тартудың бірден бір көзі десек те болады. Атом энергетикасы бізге тұрақты және қауіпсіз болашақты қамтамасыз ете отырып, жаңа перспективалар ашады. Атом электр станциясының арқасында Қазақстан экономиканы дамытып, өз азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарта отырып, сенімді түрде алға қарай нық қадам баса алады. Бұл таза энергетика саласында көшбасшы болып қана қоймай, болашақ ұрпақ үшін планетаны қорғауға маңызды үлес қосуға мүмкіндік беретін стратегиялық шешішдердің бірі деп санаймын»,-делінген жазбада.