Электр қуаты тапшылығы мәселесінің бірден бір шешімі
Белсенді жас Тұрысбай Ақерке еліміздегі АЭС құрылысына қатысты пікірін әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөлісті, деп хабарлайды arainfo.kz
«АЭС-тің пайдалы екеніне тағы бір дәлел – елге бедел сыйлауы. Атом электр стансалары бар мемлекеттер соның ішінде әсіресе, уран өндіру және ядролық отын өндірісі бар елдер тек көмір немесе газ энергиясына негізделген елдерге қарағанда әлдеқайда дамыған деп есептеледі. Әлемде экономикасына АЭС пайда әкеліп отырған елдер аз емес.
АЭС салуға өз басым қарсы емеспін. АЭС жайлы қоғамда әртүрлі пікір бар. Болашақта электр қуаты қымбатқа түседі деп жатыр. Сондықтан, Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданатын уақыт келді деп ойлаймын. АЭС салынса, халыққа да жұмыс табылады»,- делінген жазбада.