Жаңалықтар

АЭС – болашақ үшін қажет

Жалпы, Қазақстанда АЭС салудың қажеттігі мен оның тиімділігін растайтын көптеген фактор бар. Қазақстан электр станциясының жұмысындағы ең маңызды элемент болып табылатын отандық уранды өндіру мен сату бойынша әлемдік көшбасшы позициясын ұстанып отыр.

Сонымен қатар, Ақтау қаласында 1999 жылға дейін 20 жылдан астам уақыт бойы тұрғындардың қажеттіліктері үшін ядролық реактор табысты жұмыс істегенін де естен шығармаған жөн. Кейін оны газ турбиналарына ауыстырды. Біз еліміздің көптеген қалалары мен аймақтарындағы экология мен ауа сапасы жайында да ұмытпауымыз керек. Түтін, топырақтың ластануы, «қап-қара болып жауатын қар», көмір станцияларынан шыққан күл үйінділері 21 ғасырдағы күрделі мәселеге айналған. Көмір өндіруде қолданылатын ескі технологиялар, тозығы жеткен электр станцияларды жаңалау, көмірді бүкіл республика көлеміне тасымалдау сияқты мәселелер тезірек шешуді талап етеді.

Нуржан ТУЛАҚБАЕВ,

Меркі аудандық мәдениет үйінің директоры