Жаңалықтар

Өзекті қажеттілік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне тағы да оралып, бұған дейін айтылған республикалық референдумның нақты өтетін күнін бекетті. Алдағы 6 қазанда ел тұрғындары бір кісідей атсалысып, аталған мәселелерге орай өз таңдауларын жасауға тиіс.

“Егемен Қазақстан” газетінде экономика ғылымдарының кандидаты Ғалымжан Керімбектің “АЭС-тің ел дамуындағы әсері” атты мақаласында атом электр стансасының техникалық, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік әсері туралы жазылған.  

“АЭС құрылысының ел дамуына мультипликативті әсері көп.

Әлеуметтік әсері: ғылыми-техникалық, жоғары білікті кадрлар әлеуеті артады;

Құрылыста 8000 адамға дейін қамтитын жұмыс орны ашылады, эксплуатация кезеңінде 2000 адамға дейін жоғары сапалы маман қалыптасады;

АЭС салу кезіндегі 1 жұмыс орны іргелес салаларда 10-нан астам жұмыс орны ашылады.

Техникалық әсері: жергілікті өнеркәсіпті дамытады;

Жанармай базасы кешенді пайдаланылады;

60 жылдан астам уақытқа тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету шешімін табады.

Экономикалық әсері: жергілікті кәсіпкерлік қолдау (құрылыс-монтаждау жұмысы кезінде шамамен 2,5-3,5 млрд доллар табыс түседі) табады;

Бүкіл өмірлік цикл кезіндегі салық түсімдері 2,5-3,0 млрд доллардан асады;

Елдің инвестициялық тартымдылығы артады.

Экологиялық әсері: парниктік газ шығындылары жылына 10 млн тоннаға дейін азаяды”- дейді автор.

Сонымен бірге еліміздегі барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан мамандар “АЭС салу елімізге не береді?” деген сауалға жан-жақты жауап беруде. Яғни, АЭС – еліміздің энергетикалық саясатыныың маңызды бағыты. Сондықтан алда өтетін референдумда халқымыз дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенемін.

Эсмира Мамедова,

“Мехрибан” әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы