Жаңалықтар

АЭС салу арқылы экологиялық тазалыққа қол жеткіземіз

Күннің жарығы мен жылуы адам баласына қандай қажет болса, АЭС те еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылып, электр жарығына тәуелсіз өмір сүруі үшін өте қажет.

Ертеңгі күнді бүгін ойлаған дұрыс.
Болашақта электр жарығының тапшылық қаупі тұрғанда АЭС салудан бас тартпай, белді бекем буып, ел болып қолдауымыз керек. АЭС-тің арқасында ең алдымен, тасымалданатын жарықтан құ¬ты¬лып, өзімізде өндірілген жарыққа қол жетеді.
Одан кейін экологияға зияны жоқ жасыл аймаққа айналамыз. Тағы бір пайдасы, атом энергетикасы орталық Қазақстанда орналасса, еліміздің барлық аймағын энергия¬мен қамту деңгейі артады деп есептейміз. Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Көмір мен газ түтінін азайтуға үлес қосуымыз керек.

 

Алихан НУРАЛИЕВ,

Меркі тынысы газетінің редакторы