Жаңалықтар

«Али Robots» - тың алар асуы алда

Елімізде робототехника саласы күн өткен сайын дамып келеді. Робототехника – күрделі ғылым. Олай дейтініміз, майда бөлшектерді бір-біріне жалғап, одан қимыл-қозғалысын басқара алатын робот құрастыруға қарапайым білім жетпесі анық.

Соңғы жылдары елімізде, облысымызда оқушыларға робот техникасын үйрететін үйірмелер, орталықтар көптеп ашыла бастады. Талантты жастарды тәрбиелеп жүрген ісі оңды орталықтың бірі – «Али Robots». 

Робот құрастырудың баланың денсаулығына да әсері мол. Ең тиімдісі жасөспірімде ұсақ маториканың дамуы жоғары болады, дербестік қалыптасып, бала ешкімнің көмегінсіз өз бетінше шешім қабылдай алады. Сонымен қатар есте сақтау қабілеті де дамып, ұқыптылыққа үйренеді.

Әлихан ұстаздың айтуынша, робот тілін түсіну керек және сол тілде бағдарлама құрып үйрену қажет. Ұстаздың ең кіші шәкірті 4 жасар Даниял Ернарұлы екен. Орталыққа келіп жүргеніне 3 ай болса да Даниял робот құрастыруды үйреніп алған. Баласының бұл жетістігіне ата-анасы да риза.

Ал Даниялдың әкесінің айтуынша, сабаққа барып жүрген уақыттан бастап баласының бойында өз бетінше жұмыс істеу және сөйлеу қабілеті жоғарылап, ширақ бола түскен. 

Кіл мықтыдан құрылған «SUPER MARIO» тобы қазіргі уақытта инновациялық жобалар дайындаумен айналысады. Жоғарыда айтқандай, балалар маусым сайын түрлі мәселелерге арналған арнайы тақырып алып, соған байланысты мамандардың ойын біліп, робот құрастырып шығарады. «SUPER MARIO» командасы бұл жұмысын таныстыру үшін кішігірім қалашық та жасаған екен.

Әлихан Бақбергенұлы мұнымен тоқтап қалмай, алғыр, дарынды шәкірттер тәрбиелеу бағытында тынбай еңбектене беретінін айтады. Болашақта шәкірттері ұстаздан озып, еліміздің атын көпке танытады деген сенімдеміз.

Назира ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, 
М.Х.Дулати атындағы 
Тараз өңірлік университетінің 
2-курс студенті