Жаңалықтар

Сақтықта қорлық жоқ

2024 жылдың басынан 16 қыркүйекке дейін Тараз қаласында 193 өрт болып, бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда биыл өрт саны 28 жағдайға артқан. Осыған орай 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін «Сіріңке – бір өмірдің бағасы» атты акция басталды.

Көбіне дұрыс қосылмаған, тазартылмаған пештен ақау шығып, от тұтанып жатады. Осыған орай өртсөндірушілер мен құтқарушылар үй-үйді аралап, жылыту құбырлары мен пештерді тексеріп, жадынамалар таратуда. 

Сала мамандары тұрмыстық өрттер өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білмеу және сақтамау, тұрмыстық және жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбау, балалардың ересектердің қарауынсыз қалғанда оттықты пайдалануынан, сондай-ақ мас күйінде темекі шегуінен орын алатынын айтады. 

Іс-шара барысында 750-ге жуық үйді аралап, 2 250 тұрғынға арнайы дайындалған жадынамалар таратылады.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА