Байзақта 240 отбасы баспаналы болды
Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында 240 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қоныстой иелерін құттықтап, баспана кілттерін салтанатты түрде табыстады.
Ербол Шырақпайұлы баспана мәселесін шешу негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтіп, мемлекеттік бағдарламалар аясында облысымызда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 15 тұрғын үйдің құрылысы қарқын алған.Жалпы облыста биыл 750 мың шаршы метр тұрғын үй беру көзделуде. 2023 жылы 1 100 пәтерлі 19 көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне берілсе, 2024 жылы 2 569 пәтерлі 51 баспананы пайдалануға беру міндеті тұр. Бұдан бөлек тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1 575 пәтер сатып алынады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі