Найзағай, тұман, жаңбыр - синоптиктер болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 19 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, деп хабарлайды arainfo.kz
Таңертең және күндіз солтүстікте, оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың таулы аймақтарында 5, күндіз 22-27, облыстың таулы аймақтарында 18 градус жылы.
Тараз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 25-27 градус жылы.