Жамбыл облысында ірі есірткі алқабы жойылды
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері ірі есірткі алқабын жойды, – деп хабарлайды arainfo.kz
Тараз қаласында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді егіп, өсіру және есірткі құралдарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау күдігі бойынша 36 жастағы тұрғын ұсталды.
15 қарасора бұтасы бар плантацияны полиция қызметкерлері ҰҚКД-мен “Қарасора – 2024” іс- шарасын бірлесіп жүргізу аясында анықтап, жойды.
Ұсталған азамат өз ауласында өсіріп, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді көп суарып, жақсы күтімге алған. Сондай-ақ күдікті тұратын үйдің аумағындағы сарайдан тыйым салынған заттар қойылған жасырын орындар табылды.