Жаңалықтар

Шомылу маусымы аяқталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Жалғас Абдуалиевтің қатысуымен брифинг өтті. Спикер 2024 жылғы шомылу маусымының қорытындысы туралы баяндады.

Баяндамашының айтуынша, жыл басынан бері 6 адам суға батып, шомылу маусымы кезеңінде 2 жазатайым оқиға тіркеліпті.

Статистика көрсеткендей, суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан екен. Атап айтсақ, өзен немесе каналдардың кез келген, зерттелмеген ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар жерлеріне суға түсуі, балалардың ересектердің бақылауынсыз суға түсуі және олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыруда. Бұларға қоса суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіндігі де суайдындарда оқыс оқиғалар санының көбеюіне теріс ықпалын тигізіп отыр.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА