Брифинг

Қауіпсіздікті сақтау – басты қағида

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Талғат Байзақов «Көтергіш құрылғыларымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Талғат Тоқсанәділұлы құрылыс алаңдарындағы авариялар және жазатайым оқиғалар санын төмендету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жол картасының басты мақсатын түсіндірді.

Сонымен қатар департамент тарапынан көтергіш құрылғыларды, оның ішінде мұнаралы крандарды пайдаланатын ұйым басшыларына бірнеше ұсыныс айтылды. 

Спикер Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 16-бабына сәйкес жүк көтергіш механизмдерді пайдалануға берген кезде мемлекеттік инспектордың қабылдау сынақтарын, техникалық куәландыруларды жүргізуге қатысуын қамтамасыз етуі маңызды екеніне тоқталды.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА