Тағайындау
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жасөркен Берікұлы Жақсылық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Жасөркен Берікұлы 1976 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылдары Талас аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінің маманы болып бастаған.
Әр жылдары Талас аудандық еңбек және халықты әлеуметтік жағынан қорғау бөлімінің бухгалтері, маманы, Қаратау қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы болып еңбек еткен.
Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат, кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімдерінде бас маман, сектор меңгерушісі, басшысы, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, бас инспекторы болып жұмыс істеді.
Бұдан бөлек облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімі аппараты өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.
2020 жылдың шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас инспекторы лауазымында еңбек етіп келді.
AR-AI ақпарат