Жаңалықтар

Атом энергиясының басты ұтымды тұсы – оның экономикалық тиімділігі

Атом энергиясының басты ұтымды тұсы – оның экономикалық тиімділігі. Мұнай мен газ бағасы тұрақсыз болғандықтан, біраз мемлекет энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақты энергия көзіне көшуді қарастырып отыр.

АЭС-тің бір артықшылығы сол, тұрақты әрі ұзақ мерзімді энергия көзін қамтамасыз етеді. Ол мұнай, газ, көмір сияқты пайдалы қазба байлығына қарағанда, әлдеқайда пайдалырақ. Сосын ұзақ уақыт бойы жарамды. Мәселен, Францияның кейсін алайық. Франция мемлекеті атом энергиясын кеңінен пайдаланып, энергияның негізгі бөлігін АЭС-тен алып отыр. Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) мәліметі бойынша, атом станциясы энергия өндіру құны жағынан көмір станцияларымен жиі бәсекеге түседі. Кей жағдайда атомнан энергия өндіру құны тіпті одан да арзан болуы мүмкін. Сондықтан АЭС-тің болашаққа қосар үлесі мол деп ойлаймын.

 

Ұлбике САЛИМОВА,
Сарысу ауданы әкімдігің ішкі саясат бөлімінің басшысы