Білім

Еліміздің 20 өңірінде IT-орталықтар іске қосылуда

Студенттердің мүмкіндіктерін кеңейту және біліктілігін арттыру мақсатында колледждер базасында өңірлік IT-орталықтар құрылуда, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл экономиканың цифрлық трансформациясы мен IT-мамандарға сұраныстың өсуі жағдайында аса өзекті болып отыр. 

Бүгінде Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінде «IT HUB / JYLYJAI10 IT» өңірлік IT орталығы табысты жүзеге асырылуда, мұнда «Робототехника», «Графикалық дизайн» және «3D-прототиптеу» бағыттары бойынша білім беру курстары жүргізіледі. 

Орталықта 3D-прототиптеу, желілік әкімшілендіру, веб-дизайн, виртуалды және кеңейтілген шындық зертханаларын қоса алғанда 10-нан астам мамандандырылған зертханалар бар. Сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз ету, веб-сайт құру және өндірістік прототиптер бойынша ақылы қызметтер ұсынылады. Орталықта сондай-ақ студенттерді WorldSkills және JuniorSkills чемпионаттарына дайындайды.

Айта кетейік, тағы 20 IT-орталықтың ашылуы жоспарлануда, оның ішінде Алматыдадағы IT HUB Almaty Polytechnic College өз жұмысын осы жылдың қараша айында бастайды.