Жаңалықтар

Президент Сәт Тоқпақбаевқа Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін табыстады

«Ақорда» резиденциясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-полковник, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс салаларының ардагері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевты «Халық қаһарманы» атағымен, сондай-ақ айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордендерімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы сөз сөйлеп, Сәт Тоқпақбаевты қалың жұртшылық құрметтейтінін, оның еңбек жолы ел өмірімен тығыз байланысты болғанын айтты.

Өз кезегінде Сәт Тоқпақбаев мемлекетіміздің қауіпсіздігі және еліміздің тыныштығы жолындағы еңбегін бағалағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Салтанатты жиынға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев қатысты.