Жамбыл жаңалықтары

Облыс әкімі Паралимпиаданың күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиге көлік пен пәтер кілтін табыстады

Париж төрінде өткен Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиге көлік пен пәтер кілті берілді, деп хабарлайды arainfo.kz

Тараздағы әуежейдан Жамбылдық  параспортшыны жерлестері сән- салтанатпен қарсы алды. Іс-шара жалғасын Ж. Үшкемпіров атындағы Тараз-арена спорт сарайында тапты.

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев  жиынға арнайы қатысып, құттықтау сөзін сөйледі. Нұрдәулет Жұмағалидің төрт жылдықтың басты додасында ел абыройын асқақтатып, мерейін үстем еткенін атап өтіп, шетелдік маркалы көлік пен 2 бөлмелі баспананың кілтін табыстады. Ал Паралимпиада жүлдегерінің бапкеріне “Haval” көлігін тарту етті. 

Еске салайық, Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынап, күміс медаль жеңіп алған еді. Ал Токио ойындарында қазақстандық спортшы қола медаль иеленген болатын

.