Қоғам

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қыркүйек айының соңғы жексенбісіне белгіленген Еңбек күні мерекесі ел көлемінде аталып өтеді. Мереке 2013 жылы жұмысшы мамандықтарға құрмет көрсету дәстүрін жаңғырту және ерте жастан еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында бекітілген. Атаулы күнге орай, облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының бастамасымен салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық басқармалардан, аудандардан, кәсіпорындар мен кәсіподақтардан көп жылдық еңбегі бар өкілдер қатысты. Түрлі саладағы еңбек адамдарының басын қосқан жиынды басқарма басшысы Жарылқасын Айтақов ашып, жиналғандарды мерекелерімен құттықтады.

– Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылдың қараша айындағы Жарлығына сәйкес қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі болып бекітіліп, соған сәйкес осы мереке биыл елімізде тоғызыншы рет аталып өтілуде. Бүгінгі жиынның мақсаты – Еңбек күнін салтанатты түрде атап өту, жыл ішінде өзінің адал еңбегімен өзін көрсете білген азаматтарды марапаттау, жастарға үлгі көрсету. Жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтай отырып, істеріңізге береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін, – деді Жарылқасын Әбдіғапарұлы. Мерекелік жиында облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Олжабай, Тараз қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Сембек Сейдазимов «ТаразКожОбувь» ЖШС еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Зауре Байсалбаева, облыстық кәсіподақтар орталығының бас маманы Бауыржан Қоңырбаев сөз алып жиынға қатысушыларды аталған мерекемен құттықтады. Салтанатты іс-шара барысында басқарма басшысы Жарылқасын Айтақов «Еңбек жолы» конкурсында жеңімпаз атанған еңбеккерлерді Алғыс хатпен марапаттады. Атап айтқанда, Сандуғаш Беласарова «Өндірістің үздік жас маманы», Рысқұловтар әулеті «Үздік еңбек әулеті», Нұрлан Бүркітбаев «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымдары бойынша марапатталды. Жеңімпаздар қазіргі таңда республикалық байқауға қатысып, бақтарын сынауда. Айт уылы мерек еге орай Қордай ауданы, Сөртөбе ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері Илья Айдыров, Меркі аудандық электр жүйесі әуе желісінің электромонтері Ринат Айтымбетов, Жуалы ауданы №2 Мыңбұлақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ғалия Ергебек, Талас ауданы, «Казфосфат» ЖШС филиалы «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешенінің автокөлік цехының бақылау шебері Мұрат Ибраев, Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту және жалпы секторының меңгерушісі Фарида Көшкімбаева, облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасы құқықтық және қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Гүлнар Қожахметова, Мойынқұм ауданы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Жұмакүл Шатановаға облыс әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілді. Жиында өз саласында еңбекқорлығымен көзге түскен өзге де қызметкерлер Алғыс хаттармен марапатталып, құрметке бөленді.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ