Жаңалықтар

Сотты болған азаматқа құқықтары мен міндеттері түсіндірілді

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты алматылық азамат бостандыққа шықты.

Бұл күні «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында еркіндікке жолдама алған 32 жасар ер адамға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, ҚАЖ қызметкерлері оған бұдан әрі қылмысқа бармау жөнінде ескертті. 

Айта кетейік, А есімді азамат екі жыл бұрын Медеу аудандық сотының үкімімен Қылмыстық Кодекстің 216 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.