Жаңалықтар

Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы автокөлік тоннелі ашылып, пайдалануға берілді

Бұл нысан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жатады. Нысанды ресми түрде көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев ашты, деп хабарлайды arainfo.kz.

Бұл туралы Көлік министрлігің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Нысанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегідей жүйелер қарастырылған:

Жедел қызметтермен байланысуға арналған таксофондар;

Жол жәшіктері;

Бейнебақылау камералары;

Өрт дабылдары;

Люминесцентті шамдар;

Апаттық шығу;

Жарық қайтарғыш элементтер;

Өрт сөндіру жүйесі;

Өрт сөндіру резервуарлары;

Нысанды тастардың құлауынан қорғайтын құмды бассейндер;

Ақпараттық тақта және т. б.