Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Glencore компаниясы қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұдан бөлек, еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды.

Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.