Жаңалықтар

Энергетикалық сусынды көп ішкен турист құтқарылды

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері саяхатшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды arainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Түн ортасында трассалық медициналық-құтқару пунктіне Алматыдан Қарағандыға келе жатқан автомашина жолаушыларының бірінің денсаулығы нашарлағаны туралы шақырту келіп түскен.

Жедел әрекет ету бригадасының дәрігерлері 1981 жылы туған ер адамға 2 банка энергетикалық сусын ішкеннен кейін пайда болған, жіті панкреатит диагнозын қойып, медициналық көмек көрсеткеннен кейін зардап шеккенді Балқаш қаласының ауруханасына жеткізлген.

ТЖМ Апаттар медицинасы қызметі ескертеді: энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну Сіздің денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін!