Жаңалықтар

Мемлекетке қайтарылған активтерді кім басқарып жатыр?

Еліміздің заңына сәйкес мұнымен Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания (жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып, жалға береді) және Арнаулы мемлекеттік қор (ҚР Қаржы министрлігінде ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты) айналысады, деп хабарлайды arainfo.kz

2023 жылғы қыркүйекте Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі Компания құрылды (ҚРҮ 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 824 қаулысы) және Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидалары бекітілді (ҚР ҚМ 2023 жылғы 5 қазандағы № 1061 бұйрығы).

Сондай - ақ, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыруға қажетті заңнамалық база қабылданды, арнайы шот - Арнаулы мемлекеттік қор ашылды.

Арнаулымемқор  бойынша.

Арнаулы мемлекеттік қор бұл Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық жобаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның шығыстарын қаржыландыру мақсатында ақшаның түсімдері мен шығыстарын есептеу үшін ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты.

Арнаулымемқор қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы ақпаратты ҚР Қаржы министрлігі жыл сайын жариялауға тиіс.

Арнаулы мемлекеттік Қордың түсімдері, оның ішінде Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен қайтарылған мүлікті өткізуден түскен ақша, сондай-ақ басқарушы компанияның меншігіне не оның ҚР заңнамасына сәйкес активтерді басқару жөніндегі қызметі нәтижесінде түскен өзге мүлікті сатудан түскен ақша болып табылады.

2024 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша Арнаулымемқор түсімдер 176,3 млрд теңгені құрайды, оның ішінде Басқарушы компаниядан түскен қаражат 5,7 млрд теңге, оның ішінде активтерді сатудан 5,559 млрд теңге және активтерді басқарудан (жалға беру) 141 млн теңге.

Арнаулымемқордың қаражатын бөлу орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстарын міндетті түрде ҚР Бюджет кодексіне сәйкес республикалық бюджет комиссиясында қараумен жүзеге асырылады.

Арнаулымемқордың қаражаты әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалатын болады. Қор қаражаты есебінен қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу және олардың өлшемшарттарын айқындау тәртібі Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларында айқындалған (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі №165 бұйрығымен бекітілген). Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік органдар әзірлеген жобалар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық сараптамасына жататын болады, бұдан әрі жобаларды қор қаражаты есебінен қаржыландыру мәселесі ҚР Қаржы министрлігі Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығаратын болады.

Арнаулымемқор қаражатын пайдалану және мониторингілеу тәртібі Қор қаражатын пайдалану және мониторингілеу қағидаларында айқындалған (ҚР Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі №1033 бұйрығымен бекітілген).

ҚР Қаржы министрлігі ай сайын Арнаулымемқордың шотына қаражат түсімдерінің мониторингін жүргізетін болады, ол орталық мемлекеттік органдардың/ЖАО шоттарына түскен қаражаттың уақтылы пайдаланылуын бақылаудан тұрады (6 ай ішінде қаражат пайдаланылмаған жағдайда, қаражат Қордың шотына қайтарылады).

Басқарушы компания бойынша.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС (бұдан әрі - Басқарушы компания) Заң шеңберінде мемлекетке қайтарылған, өтеусіз беру туралы шарттар шеңберінде берілетін активтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы және одан тыс жерлердегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілерін қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде.

 «Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларын бекіту туралы» ҚР Премьер-Министрі орынбасарының – Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы №1061 бұйрығымен (бұдан әрі - Қағидалар) Заңға сәйкес қайтарылған активтерді басқару тәртібі бекітілді.

  Көрсетілген Қағидаларға сәйкес активтерді сату Қорды толықтыру мақсатында жүзеге асырылады және басқарушы компанияны оның мүлкінің құрамына түскен активтерді басқарудың негізгі мақсаты болып табылады. Бұл ретте, активтерді сатқанға дейін мүліктік жалдау (жалдау), сенімгерлік басқару сияқты активтерді басқару тәсілдері қолданылуы мүмкін, сондай-ақ басқарушы компания айқындайтын, ҚР заңнамасына және актив орналасқан елдің заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдер көзделуі мүмкін.

Сонымен қатар, мемлекет мүдделі активтер мемлекет меншігіне берілуі мүмкін.

2024 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша Басқарушы компанияның балансына берілетін активтер бойынша ақпарат мынадай: жалпы сомасы    46,9 млрд теңгеге 219 активке, оның ішінде 196 зергерлік бұйымдар және  23 өзге активтер (тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлік, өндірістік база, тұрғын емес үй-жайлар, заңды тұлғаның жарғылық капиталдарына қатысу үлестері, аяқталмаған құрылыс, жер учаскелері, жылжымайтын мүлік объектісінің тауарлық-материалдық құндылықтары мен негізгі құралдары) Басқарушы компанияның меншік құқығы тіркелген, балансқа қою жүзеге асырылды. Жалпы құны 38,2 млрд теңге (виллалар, автокөліктер, пәтерлер, қоймалық үй-жайлар, тұрақ орындары, үйлер, аяқталмаған құрылыс) активтерді беру шарттарына қойылды, 0,39 млрд теңге сомаға заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі беру процесінде.

Қазақстандағы активтер Мемлекеттік мүлік тізілімінің порталында www.e-qazyna.kz сатылады. 

Шетелде орналасқан активтерді сату актив орналасқан елдің заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда Астана және Алматы қалаларында 13 жылжымайтын мүлік объектісі сауда-саттыққа қойылды.

Оның ішінде 3 объект аукционда 1,8 млрд теңгеден астам жалпы сомаға сатылды (1,2 млрд тенге қаражат Қорға аударылды, 1 объект бойынша төлем мерзімі келген жоқ).

Аукцион басталған сәтте тіркелген қатысушылардың болмауына байланысты 10 жылжымайтын мүлік объектісі бойынша сауда-саттық өткен жоқ.

Шетелдік активтерден 4, 518 млрд теңге сомаға 2 автомобиль, 2 тұрғын үй, пәтер сатылды.

Басқарушы компания 6, 381 млрд теңге сомаға активтер сатты.

Бұдан басқа, Қағидаларға сәйкес Басқарушы компания заңға сәйкес оның мүлкінің құрамына түскен активтер туралы ақпаратты тізілімнің веб-порталында (интернет желісінде орналасқан интернет-ресурс) орналастырады www.e-qazyna.kz).

Қоғамның қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету мақсатында Басқарушы компанияда қамқоршылық кеңес құрылды, оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, жұртшылық өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кірді.

Қамқоршылық кеңестің ұсынысы бойынша жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізу үшін басқарушы компания үш жылда бір реттен жиі емес аудиторлық ұйымды тарта алады.

Бұдан басқа, басқарушы компанияның қызметі ҚР Жоғары аудиторлық палатасының жыл сайынғы аудитіне жатады.

Тұтас алғанда, қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Арнаулымемқор қаражатының түсімдері мен шығыстарының және Басқарушы компания қызметінің ашықтығы тиісті дәрежеде қамтамасыз етілген.