Жаңалықтар

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Сенім грамоталарын Испания Корольдігінің елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес, Эстония Республикасының елшісі Яап Ора, Өзбекстан Республикасының елшісі Бахтиёр Ибрагимов, Судан Республикасының елшісі Мұхаммед әл-Газали Сиррадж, Руанда Республикасының елшісі Чарльз Кайонга, Доминикан Республикасының елшісі Алехандро Ариас Сарсуэла және Маврикий Республикасының елшісі Хесвар Джанке тапсырды.

Мемлекет басшысы дипломаттар алдында сөз сөйледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.