Жамбылдық кәсіпкерлерге төмен пайызбен несие берілмек
«Даму» кәсіпкерлерді дамыту қоры өңірлік «Jambyl Business» бағдарламасы бойынша «Банк ЦентрКредит» екінші деңгейлі банкіне 1 млрд теңге қаржы салды.
Ол қаржыны ҚР заңнамасына сәйкес Жамбыл облысының аумағында тіркелген және Жамбыл облысының моно және шағын қалаларында жобаларын жүзеге асырып/жүзеге асыруды жоспарлап отырған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері ала алады.
📌 Бағдарлама шарттары:
Максимал сома - 50 млн немесе 200 млн теңгеге дейін
Номинал сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7,0%-дан аспайды.
Несие мерзімі:
▪️ инвестиция - 84 айға дейін;
▪️ айналым қаражатын толықтыру – 36 айға дейін
Несие экономиканың басымдық берілген салаларына беріледі.
Бағдарлама шарттары туралы толық ақпаратпен https://damu.kz/programmi/regional/jambyl_business сілтемесі бойынша танысуға немесе Тараз, Желтоқсан 94 мекенжайындағы «Даму» қорының филиалына хабарласуға болады. Телефон: +7 (7262) 999-470; колл-орталық – 1408
«Банк ЦентрКредит» - 605