Ұшақта инсульт алған Жапониядан келген науқас ауруханадан шығарылды
Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежеде деп бағаланады, деп хабарлайды arainfo.kz
Инсульттан кейін Астананың №2 қалалық көпбейінді ауруханасында ем қабылдаған Жапониядан келген науқас бүгін шығарылды.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Токио-Цюрих бағытындағы ұшақ жолаушы инсульт алғаннан кейін Астанаға шұғыл қонды. Науқас ауыр жағдайда реанимацияға жатқызылған болатын.