Заң

«Заң күшіне енді»: Мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойын ойнауға тыйым салынады

Қазақстанда ойындар мен лотерея мәселелеріне қатысты түзетулер күшіне енді. Олар мемлекеттік қызметкерлерге бірқатар шектеулер қояды, - деп хабарлайды arainfo.kz тілшісі ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Дүйсенбі, 9 қыркүйекте Қазақстанда ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңға енгізілген түзетулер күшіне енді.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелеріне өзгерістер енгізілетін заңға қол қойған болатын.

Енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары да құмар ойындард ойнай алмайды, бәс тікпейді.

Шектеуді сақтамаса оларды жұмыстан шығарылады. Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қызметін реттеу тетіктері күшейтілді.