Ауыл шаруашылығы

Биыл күріш өнімділігі 50%-ға артпақ

Ауа-райына байланысты күрішті ерте отырғызып, су мол келгендіктен өнімділік артқан, деп хабарлайды arainfo.kz

Алматы облысы, Балқаш ауданының шаруалары күріш жинауға дайындалып жатыр. Дихандар биыл егістікке қолайлы жыл болғанын айтады.

Балқаш ауданында 30 мың гектардан астам жер суарылады. Биыл оның 7,2 мың гектарына күріш егілген. Айта кету керек, суару маусымында «Қапшағай» су қоймасынан аудан шаруаларына 510 млн текше метр су берілді.