Жаңалықтар

Ербол Қарашөкеев Нұрдәулет Жұмағалидің ата-анасына құрмет көрсетті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев XVII жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалидің шаңырағына барып, ата-анасына құрмет көрсетті, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ербол Қарашөкеев жүзу шеберін тәрбиелеп, қолдау көрсеткен ата-анасы мен жақындарына жамбылдықтардың атынан алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Өз кезегінде спортшының ата-анасы Мемлекет, облыс басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.