Жаңалықтар

Таразда «Күзгі тазалық» эко-акциясы өтті

Бұл акция тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Әрбір адам өзінің ауласын, көшесін таза ұстап, тазалыққа өзінің үлесін қосу мақсатында ұйымдастырылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылдың сәуір айынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция басталған болатын.

Бүгін «Таза Қазақстан» акция аясында «Бәйтерек» ықшам ауданында орналасқан каналдың аумағы мен көпсалалы балалар ауруханасының маңында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстарына осы аумақтың тұрғындары, белсенді жастар, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, «Жасыл ел Тараз» мекемесі қатысып,  қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық  мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосып, канал айналасындағы қоқыстардан тазартып, шығарылды.

Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында «Жасыл ел Тараз» мекемесі арнайы техникалармен келіп, қаланың жастары әр саланың қызметкерлерімен жұдырықша жұмылып, тазалау жұмыстарын жүргізді.