Жастар

Енді колледждер өз базасында шығарған тауарлар мен қызметтерден табыс таба алады

Қазақстандық колледждер базасында студенттердің кәсіпкерлік, бизнес-жоспарлау және стартап жобаларды дамыту бойынша білім алуына жағдай жасау мақсатында шағын кәсіпорындар құрылуда, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Енді колледждер өз базасында шығарған тауарлар мен қызметтерден табыс таба алады. Студенттер жиһаз жасау, тігін тігу, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін пісіру секілді кәсіптіерді игере отырып, оны кіріс көзіне айналдыру дағдыларын да меңгереді.

Қазіргі уақытта ТжКБ ұйымдары базасында 26 шағын кәсіпорын жұмыс істейді. Жыл соңына дейін тағы 14 жаңа кәсіпорын ашу жоспарлануда екен.