Алтын медальдан үміт зор
Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бақ сынайтын ұлттық құрама мүшелері қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
2014 жылдан бері жүлгесі үзілмей ұйымдастырылып келе жатқан көшпенділер ойындары қазақ даласында тұңғыш рет өткелі отыр. Дүйім елдің дидарын өзіне қарататын ұлттық спорт түрлерінен тартысқа түсетін саңлақтардың әзірлігі жақсы.Көшпенділер ойындарының инфрақұрылымын күшейту мақсатында күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, жаңғыртылған «Қазанат» ипподромында жаттығуды пысықтап жатқан спортшылармен тілдесудің сәті түсті. Аударыспақтан додаға кіретін балуандар аянып қалмайтынын жеткізді. Ұлттық құраманың бас бапкері Жанбатыр Бекмұсаев физикалық әлеуетті арттырып қана қоймай, қарсыластарды зерттеп, тактикалық дайындыққа да басымдық берілетінін атап өтті.
Ұлттық ат спорты түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушы Нұркен Байбөриев қорытынды оқу-жаттығу жиынында спортшылардың психогиялық дайындығына да ерекше көңіл бөлінгенін жеткізді.
Теңге ілуден спортшылар «бес белес», «қос құлаш» және «жеті құт» түрлері бойынша сынға түседі.
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ,
журналист