Заң

Алматы облысында аудан әкімі ұсталды – Антикор

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды,деп хабарлайды arainfo.kz

Ол «лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану» (ҚР ҚК-нің 3-бабы, 4-бөлігі 361) және «билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану» (ҚР ҚК-нің 3-бабы, 4-бөлігі 362) баптары бойынша айыпталды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметін 2018 жылдың қыркүйегінен бастап атқарды.