Жаңалықтар

Елімізде оқу әдебиетінің сарапшыларын дайындауда

ҚР Оқу-ағарту министрлігі оқу әдебиетінің сарапшыларын даярлау курстарын бастады. Педагогтер «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешеннің ғылыми-педагогикалық сараптамасы бойынша сарапшылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбы аясында білім алады, деп хабарлайды arainfo.kz. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Мақсаты - педагогтердің оқу әдебиетінің сарапшылары ретінде кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.

Курсқа барлығы 581 үміткер өтініш білдірді. Іріктеу және аралық тестілеу нәтижелері бойынша 81 тыңдаушы іріктелді. Кәсіби шеберлік танытып, курстың барлық модульдері бойынша оқуды сәтті аяқтаған үміткерлерге сертификат берілді. Бұл мамандар сарапшылар базасының тізіліміне енгізіліп, оқу әдебиеттерін сараптауға тартылатын болады.

Айта кетейік, педагогтер сарапшыларды даярлау және іріктеуге қатысу үшін орталықтың https://bmso.kz сайтында өтініш бере алады.