Елордалық дүкендердің бірінде өзгенің телефонын қолды қылған күдікті құрықталды
Елордалық дүкендердің бірінде өзгенің телефонын қолды қылған күдікті құрықталды, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сатып алушы кейпіне енген жас жігіт дүкенді аралап, бағалы заттарды іздегені белгілі болды. Дүкен иесі тауарларды орын-орнына қойып жатқанда, телефоны сөреде қараусыз қалған. Күдікті осы сәтті пайдаланып, телефонды ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде елордалық полицейлер күдіктіні анықтады. Ол 20 жастағы жас жігіт болып шықты. Телефонды сатып алған қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланғаны анықталды. Полицейлер ұрланған мүлікті тәркілеп, иесіне қайтарды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оның елорда аумағында орын алған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.