Таразда екі бірдей көпір құрылысын салу жоспарлануда
Таразда екі бірдей көпір құрылысын салу жоспарда,деп хабарлайды arainfo.kz. Бұл туралы Тараз қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Таразда ағымды жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 900 млн. теңге қарастырылды
Таразда екі бірдей көпір құрылысын салу жоспарда. Олар:
- Абай даңғылының темір жол үсті арқылы өтетін жол өткелі мен жаяу жүргіншілер өткелі бөлігінің құрылысын салу. Жоба құны 16,9 млрд. теңге.
- Абай даңғылының Сыпатай батыр көшесінен Жамбыл даңғылына дейін Тараз қаласындағы темір жол және өнеркәсіптік аймақ арқылы эстакадамен жалғасын салу. Жоба құны 24 млрд. теңге