Үкімет

Бүгін Үкімет отырысы өтеді

Сейсенбі, 3 қыркүйек күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды arainfo.kz. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Күн тәртібінде – Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар.

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.