Жаңалықтар

Демалыс аймақтарында әуежайлар салынуы мүмкін

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауында әуе хабтарына қатысты біршама мәселеге тоқталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысы әуе хабтарын дамыту – өте маңызды міндет екенін айтып өтті.

Айта кетейік, Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы жыл сайын 150 мың тоннаға жуық жүк тасымалданады. Алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті екі есе ұлғайтуға болады. Әуежайларымыздың жүк тасымалдау мүмкіндігін арттыру үшін барлық жағдайды жасау керек.

Оның айтуынша ішкі әуе бағдарларын дамытуға айрықша назар аударған жөн. Бұл, әсіресе, негізгі туризм нысандарының инфрақұрылымын жақсарту үшін маңызды.