Әлеумет

Әлеуметтік сақтандыру қалай жүзеге асуда?

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мәслихатында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры Нұрахмет Ысқақов мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалатын төлемдерге жүгіну тәсілдері туралы баяндама жасады.

Спикердің айтуынша, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалатын әлеуметтік төлемдердің мөлшері әр қатысушыға жеке есептеледі.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді проактивті нысанда көрсету өзекті болып отыр. Әсіресе оның ішінде отбасының цифрлық картасы арқылы, атап айтқанда мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде тиісті мәліметтер болған кезде жүйеге қатысушыға төлем алу құқығын іске асыру туралы «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы SMS-хабарлама жіберіледі. 

– SMS-хабарламаға келісім алған жағдайда төлем проактивті түрде тағайындалады. Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдерді келесі әдістердің бірімен: - еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша: жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін (ЖЕА) бастапқы белгілеу кезінде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі арқылы, ал ЖЕА мәліметтері болған кезде eGov.kz порталы немесе ХҚКО-ға жүгіну арқылы;- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша: eGov.kz порталы немесе ХҚКО-ға жүгіну арқылы;- жұмысынан айырылу жағдайы бойынша: жұмыссыз ретінде тіркелу кезінде enbek.kz электрондық еңбек биржасының, eGov.kz порталы арқылы немесе Мансап орталығы, ал жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы мәліметтері болған жағдайда eGov.kz порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары немесе ХҚКО-ға жүгіну арқылы;- жүктілікке және босануға байланысты: eGov.kz порталы немесе ХҚКО-ға жүгіну арқылы;- бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша: eGov.kz порталы арқылы, ХҚКО-ға жүгіну арқылы; екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары және ХҚКО-ға жүгіну арқылы;Егер өтініш беруші электрондық түрде өтініш берген болса, онда әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі 4 жұмыс күнін, ал ХҚКО арқылы жүгінген жағдайда 8 жұмыс күнін құрайды.

Айта кетейік, облыс бойынша 2024 жылдың 5 айында жүйенің 215 мың қатысушысы үшін 8,4 миллиард теңге сомаға әлеуметтік аударымдар түсіп, 57,3 мың адам 24,3 миллиард теңге сомаға әлеуметтік төлем алған.

Айжан ӨЗБЕКОВА