Бір түйір ой
Бір түйір ой
Менің ғұмырым қуанышты, бақытты сәттердің естеліктерімен құнды. Әр күнім менің қайталанбас өмірім. Ал, өмірімді бос, бақытсыз және қайғы, мұңға жеңдіріп өткізуге еш хақым жоқ. Сіздің де хақыңыз жоқ! Себебі оны ата-анамыз арқылы Тәңір сыйлаған. Ондағы қиындықтар мен қалтарыстарға төзе берме, жең! Тағдырым солай екен деу де қателік. Тәңір бермегенді тартып ала алмассың. Алайда, тағдырыңды өз қолыңмен түзе. Тырыс. Қайтпа. Пейілің ақ, ниетің түзу болса неден қорқасың? Кез келген жағдайдан тек жақсылықты көріңіз. Көңіліңізді сыйлаңыз. Оны да өбектеңіз. Өзін сыйлаған жанның өзгеге зияны әсте бола қоймайды. Адамның көңілінен маңызды не бар? Ал, әрекетіңе қарай берекетің де құбыла береді. Оған 25 жылдық өмір тәжірибемде көзім жеткен. Қалағанымызша сүре алмайтын өмірді қалауымызша сүрейік. Не кедергі? Кедергі жоқ! Ендеше өзіңізге өзіңіз кедергі болмаңыз.