Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері Жолдауға қолдау білдірді
Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет үйінің ғимаратында парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз сөзінде экономика, денсаулық, білім және тағы басқа салалар бойынша негізгі мәселелерге тоқталып, дамудың басты бағыттарын айқындады.
Президент жариялаған бас құжатты өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері де ерекше ықыласпен тыңдады. Тәртіп сақшылары Президенттің әрбір бастамасы егемен елімізді өркендетуге бастайтынын жеткізді. Құқық қорғау қызметкерлері кез келген қылмыстың өтеуі жаза екенін алға тартып, Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатыны, кәмелетке толмаған балаға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатаятыны – уақыт талабы екенін жеткізді.