Санитарлық талаптар қатаң сақталуы керек
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Салтанат Алибаева қатысып, білім беру объектілерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы баяндама жасады.
Спикердің айтуынша, облыстағы 494 мектептің 443-і мемлекеттік және 51-і жекеменшік. 382 мектеп типтік ғимаратта, 112-сі бейімделген ғимаратта орналасқан. 111 мектеп орталықтандырылған, 383 мектеп жергілікті су бұру жүйесіне қосылған. 85 мектеп орталықтандырылған, 409 мектеп жергілікті жылыту жүйесіне қосылған.
– Бүгінде апатты, үш ауысымды және орын тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешу өзекті болып отыр. Облысымызда 3 апатты мектеп бар. Оның бірі – Шу ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп. 2025 жылы Шу қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы апатты орта мектеп мәселесін мектепке спортзал, акт залы, асхана салу есебінен шешу жоспарлануда.Келесісі – Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылындағы Қ.Қасымов атындағы және Қарабөгет ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп. Мектептерге техникалық сараптама жүргізіліп, ғимараттардың апатты жағдайда екені расталды.
Айжан ӨЗБЕКОВА