Жаңалықтар

Егемен еліміздің берік іргетасы

Құрметті жамбылдықтар!

Баршаңызды мерейлі мереке – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата Заңымыз – Тәуелсіз Отанымыздың ең басты құндылығы әрі негізі. Адам құқығы мен бостандығының сенімді кепілі.Биыл ел Конституциясына 29 жыл толып отыр. Осы өшпес жылдар белесінде еліміз қарыштап дамып, әлем таныған іргелі мемлекетке айналды. Экономикамыз алға ілгерілеп, азаматтардың әл-ауқаты артты. Мемлекетімізде саяси тұрақтылық, ішкі тыныштық орнады.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ата Заң ел бірлігін және адамның ар-ұжданы мен абыройына қол сұғуға болмайтынын негіздеп, кемсітудің кез келген түріне тыйым салу арқылы ұлтымызды ұйыстырады. Осы басты ұстанымдар баға жетпес байлығымыз – ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді» деп, еліміздің басты құжатының маңыздылығын айрықша атап өткен болатын. 

Бүгінде ел Президентінің бастамасымен ортақ Отанымыз дамудың жаңа кезеңі мен даңғыл жолына түсті. Елімізде ауқымды реформалар қолға алынып, өз жемісін беруде.Халқымыз бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолында тату-тәтті күн кешіп келеді.Ата Заң – егемен еліміздің берік іргетасы десек, оны қастерлеу, құрмет тұту, талаптарын мүлтіксіз орындау – әр азаматтың қасиетті парызы.Барша жамбылдықтарды айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларына амандық, елімізге бейбітшілік пен тыныштық, бақ-береке тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болсын!

Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ, 
облыс әкімі