Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент жолдауы сағат 11.00-де көрсетіледі.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент жолдауы сағат 11.00-де барлық республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіледі.
Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.
Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.