Шексіз разымын сізге, мәңгілігім
Шексіз разымын сізге, мәңгілігім
Мен қанша биікке қалықтасам да сіздің иығыңыздан аса алмаймын. Себебі Алладан кейін жарық әлемді көруге себепші жансыз.
Әлем өзгерсе де сіздің өзгермейтініңіз, сатқындар көп әлемде сіздің серттен таймайтыныңыз, сараңдар көп әлемде сіздің жомарттығыңыз, арамдар көп әлемде адал болып қалғаныңыз, адамдар көп әлемде адам болып қалғаныңыз, аналар көп әлемде ана болып қалғаныңыз үшін басымды иемін. Барлығы үшін разымын, МАМА! Шексіз разымын сізге, мәңгілігім.