Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары имамдармен кездесті

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов дін саласының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды arainfo.kz

Аймақ басшысының орынбасары облыстық «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысып, имамдармен кездесті.

Басқосу барысында ата дәстүр - салтымызбен біте қайнасқан асыл дініміздің тәрбиелік тағылымын өскелең ұрпаққа насихаттау бойынша түрлі ұсыныс-пікірлер айтылды.

Жиын соңында Серік Жақсылықұлы сауапты істің басынан табылған азаматтарға облыс аумағындағы жастар арасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жолға қоюды, сондай-ақ, облыс әкімдігінің дін істері басқармасының жауапты мамандарына имамдардың бірақатар талап-тілегін шешіп беруді тапсырды.