Жаңалықтар

Атом энергетикасын дамытудың стратегиялық тәсілдері мен жоспарлары

CEZ Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың вице-төрағасы Богдан Зронек (Чехия) декарбонизация және энергия қауіпсіздігі туралы сұхбат беріп, атом энергетикасын дамытудың стратегиялық тәсілдері мен жоспарлары жайлы айтып берді.

Зронек Чехияның ұлттық энергетикалық саясатының Еуропалық Одақтың мақсаттарына сәйкестігін және климаттық мақсаттарға жету үшін көмір өндіруді азайтудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Дукована мен Темелин алаңдарында жаңа атом блоктарын салу жоспарлары туралы айтты. Одан бөлек атом стансаларын салу мен пайдалануда қазақстандық өнеркәсіпті пайдалану әлеуетін қарастырып отырғанын мәлім етті.Зронек атом энергетикасын қоғамдық қолдаудың маңызын және жаңа атом объектілері үшін орынды мұқият таңдау қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар жобалардың экономикалық және техникалық аспектілері, соның ішінде өнеркәсіп пен бизнестің ұзақмерзімді пайдасы, жеткізілім қауіпсіздігі және ықтимал тәуекелдерге төзімділігі талқыланды.

– Біз климатты қорғаудың ұлттық стратегиясымен, сондай-ақ ұлттық энергетикалық саясатпен расталған көміртексіздендіру үрдістерін ұстанамыз және бұл Еуропалық Одақтың мақсаттарына сай келеді. Сонымен қатар қазір әлемде көмір негізіндегі электр энергиясын өндіруді азайтудың экономикалық себептері бар. Сондықтан біз алдағы жылдары қандай энергия көздері қолжетімді болатынын болжауға тырысамыз. Біздің шешімімізге келсек, электр энергиясының шамамен жартысын атом энергиясынан, ал қалған бөлігін жаңартылатын көздерден және газдан алғымыз келеді, – деген Богдан Зронек Қазақстанның дәстүрлі түрде отынмен қамтамасыз ету саласында өте қауқарлы екенін атап өтті.

АЭС үлкен инвестицияны қажет еткенімен арзан, қауіпсіз және көміртексіз энергиямен қамтамасыз етеді.


Айтуынша, бұл таңдау Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің әдістемесіне, атап айтқанда, TR 396: «Атом электр стансаларына арналған ұсыныстардың экономикалық бағалауы» құжатына негізделген.

Stan.kz